17 шілдеде Каспий Құбыр Консорциумының (КТК) теңіз терминалы маңында дрон танкерге шабуыл жасады. Қазақстан Энергетика министрлігі қазақстандық мұнай экспортына қауіп жоқ екенін хабарлады, деп infohub.kz сайты жазды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің нақтылауынша, шабуылға портқа шикізат алу үшін келе жатқан бос Nordic Zenith танкері ұшыраған. Кемедегі өрт экипаж күшімен жедел сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Энергетика министрлігі КТК технологиялық инфрақұрылымы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын, жүк операциялары белгіленген кесте бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.


