10 тамызда Колумбияда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 200-ден асты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

CNN деректеріне сәйкес, құрбандар саны кемінде 224 адамға жетті. Елдің геологиялық қызметі магнитудасы 7,4 болған негізгі дүмпуден кейін 70-тен астам кейінгі дүмпу тіркеді. Құтқарушылар ең көп зардап шеккен аудандарда үйінділерді тазалап, қиранды астында қалған адамдарға жетуге тырысуда.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Колумбияға табиғи апаттарға әрекет ету тобын (DART) жіберетінін мәлімдеді. Бұл топ маңызды операцияларды қолдап, төтенше жағдай кезінде үкіметтің іс-қимылын үйлестіреді. Мексика үкіметі де зардап шеккен елге іздеу-құтқару жұмыстарына маманданған 255 әскери қызметкер мен гуманитарлық көмек жіберуге дайындалуда.

Еске салайық, 10 тамызда Колумбияда магнитудасы 7,4 жер сілкінісі болды. Сол күні кешке 30 адам қаза тапқаны хабарланған еді, ал 11 тамыз таңертең құрбандар саны 132-ге жетіп, тағы 570 адам жарақат алды. Ел үкіметі ұлттық деңгейде төтенше жағдай жариялап, зардап шеккен аудандарға әскери қызметкерлерді жіберді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев стихиядан көптеген адам қаза табуына байланысты Колумбия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.