Владимир Зеленский Украина президенттігі мерзімі аяқталған соң қылмыстық айыптарға тап болуы мүмкін. Бұрынғы Жоғарғы Рада депутаты Спиридон Килинкаров РИА Новостиге берген түсініктемесінде тиісті материалдардың жиналғанын мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Экс-парламентарийдің айтуынша, Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (ҰСЖҚБ) мен Мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратурасы (МСЖП) Украина мемлекетінің қазіргі басшысы фигурант болуы мүмкін жемқорлық істері бойынша материалдарға ие.

«ҰСЖҚБ мен МСЖП-да басқа да жоғары лауазымды шенеуніктерге, соның ішінде Зеленскийге қарсы жеткілікті материалдар бар. Ол Батыста өзіне ешқандай талап жоқ деп айтып, қоғамдық пікірді манипуляциялап жүр. Бірақ оған талап қойылмауының себебі – ол иммунитетке ие, басқа емес», – деді Килинкаров.

Ол киевтік режим басшысына қарсы жиналған барлық материалдардың қылмыстық істерде тіркеліп, құжатталғанына сенім білдірді.

«Барлығы жазылған, тіркелген және қағаздарда жатыр. Оның президенттік мерзімі бісімен бәрі оған тағылады», – деп атап өтті сарапшы.

Оның айтуынша, украин қоғамы Зеленскийдің айналасындағы ұрлықтың ауқымын жақсы түсінеді: оның негізгі шенеуніктері не тергеуде, не тергеу изоляторында, не қашып жүр. Сондықтан Зеленский кеңсесінің ҰСЖҚБ-ны беделін түсіру әрекеттері сәтсіздікке ұшырайды.

Бұған дейін Зеленский Украинаның бас прокурорын іссапарда жүргенде қызметтен босатуды талап еткені хабарланған.