Қазақстан футбол федерациясы нидерландтық маман Джон ван’т Скиппен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы болуы туралы келісімге келді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Тағайындау ресми түрде федерация жарғысына сәйкес ҚФФ Атқару комитетімен келісілгеннен кейін жүзеге асырылады. Комитет отырысы жақын күндері өтеді, содан кейін жаттықтырушымен келісімшартқа қол қойылады.
Футболшы ретінде ван’т Скип амстердамдық «Аякста» және италиялық «Дженоада» ойнады, сондай-ақ Нидерланд ұлттық құрамасының намысын қорғады, оның құрамында 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды.
Ван’т Скип жаттықтырушылық мансабын «Аякс» жүйесінде бастады. Әр жылдары ол амстердамдық клубты, сондай-ақ «Твенте», «Зволле», мексикалық «Гвадалахара» және австралиялық «Мельбурн Сити» командаларын басқарды. 2016 жылы «Мельбурн Сити» сапында маман Австралия Кубогын жеңіп алды.
Халықаралық деңгейде ван’т Скип Грекия мен Армения құрамаларын жаттықтырды.
Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабына Нұрбол Жұмасқалиев (ассистент), Елдос Ахметов (ассистент), Юрий Новиков (қақпашылар бапкері), Вадим Боровский (дене шынықтыру жаттықтырушысы) және Тимур Құсайынов (аналитик) кіреді.


