Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарының медаль қоржынын байдарка мен каноэ есуінен екі жүлдемен толықтырды. 500 метр қашықтықтағы финалдық жарыстарда Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая байдарка-қос есуінен күміс жүлдегер атанды, ал Сергей мен Тимофей Емельяновтар каноэ-қос есуінен қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Шмелева мен Токарницкая 500 метрді 1 минут 48,140 секундта жүзіп өтті. Қазақстандық спортшылар Қытайдан келген жеңімпаздар Юй Шимэн мен Инь Мэндеге 3,130 секунд ұтылды.
Қола медальді Өзбекстан өкілдері Арина Танатмышева мен Екатерина Шубина жеңіп алды – 1:49,585.
АЗИАДА-2026
24 қыркүйек. Байдарка мен каноэ есуі. Байдарка-қос, 500 м. Әйелдер
🥇 1. Юй Шимэн / Инь Мэнде (Қытай) – 1:45,010
🥈 2. Ольга Шмелева / Татьяна Токарницкая (Қазақстан) – 1:48,140
🥉 3. Арина Танатмышева / Екатерина Шубина (Өзбекстан) – 1:49,585
Қазақстанға тағы бір жүлдені Сергей мен Тимофей Емельяновтар әкелді. Каноэ-қостар финалында олар 1:44,972 нәтиже көрсетіп, үшінші орын алды.
Алтын медальді қытайлық У Шэнъюэ мен Цзи Бовэнь жеңіп алды – 1:40,741. Өзбекстандық Артур Гулиев пен Владлен Денисов екінші орынға тұрақтады – 1:42,878.
АЗИАДА-2026
24 қыркүйек. Байдарка мен каноэ есуі. Каноэ-қос, 500 м. Ерлер
🥇 1. У Шэнъюэ / Цзи Бовэнь (Қытай) – 1:40,741
🥈 2. Артур Гулиев / Владлен Денисов (Өзбекстан) – 1:42,878
🥉 3. Сергей Емельянов / Тимофей Емельянов (Қазақстан) – 1:44,972
Енді Қазақстан құрамасының қоржынында 23 медаль бар: сегіз алтын, алты күміс және тоғыз қола.
Жапониядағы XX Жазғы Азия ойындары ресми түрде 19 қыркүйекте ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын жарыстарда 460 медаль жиынтығы сарапқа салынуда. Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының құрамында 35 спорт түрінен 558 спортшы өнер көрсетуде.
Азиада-2026 шолулары: 1-күн, 2-күн, 3-күн, 4-күн.


