18 жасар Азамат Дүйсеханов өзінің туған күнінде достарымен демалып жүріп жоғалған еді. Оның мәйіті Ақтау жағалауынан табылды, деп хабарлайды infohub.kz.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, іздеу-құтқару жұмыстары Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалау бөлігінде жүргізілген. Жігіттің денесі 15 шілдеде Ақтаудан 51 шақырым қашықтықта, жағадан шамамен 10 метр жерде табылды.

Құтқарушылар қайтыс болған жігітті судан алып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Еске сала кетейік, Азамат Дүйсеханов 7 шілде күні түсте O’Mir курорттық қонақүйінің маңында жоғалған болатын. Сол күні жігіт 18 жасқа толған еді.