«АК Алтыналмас» АҚ құрамындағы «Пустынное» кен байыту комбинаты аумағында 23 шілдеде сағат 11:30 шамасында ажалмен аяқталған оқыс оқиға болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Компанияда «Пустынное» кен байыту комбинатының КВД ЗИФ бөлімінің конвейер машинисі Кәрім Рымбаевтың қаза тапқанын хабарлады.

«Оқиғаның себептері мен мән-жайларын уәкілетті органдар анықтап жатыр», — делінген компанияның ресми хабарламасында.

«АК Алтыналмас» қаза тапқан адамның туыстарына, жақындарына және әріптестеріне көңіл айтты.

«Компания отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді», — деп атап өтті хабарламада.

Сондай-ақ компания оқиға туралы тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.

«Оқиғаның нақты мән-жайын бұрмалайтын және ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін анық емес немесе тексерілмеген ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін», — деп мәлімдеді «АК Алтыналмас».

Компания тек қана уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіпорынның баспасөз қызметі беретін ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұрады.