Біреулер пиццадағы ананасты талқылап жатса, әлеуметтік желіде ерекше тағам – нанның орнына қарбыз салынған клаб-сэндвич танымал бола бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл сэндвич өте шырынды, жеңіл және ыстықта керек. Идея жаңа емес, бірақ биыл жазда ол қайтадан танымал болып отыр. Пайдаланушылар нанды қалың қарбыз тілімдерімен алмастырып, ішіне ірімшік, жасыл желек және басқа да салмалар салады.

Алматыда дайын қарбыз сэндвичтері сатылады. Олардың қатарында: фета ірімшігі, руккола және бальзамик дәмі бар «Грек қарбызы» – 2990 теңге, сондай-ақ жергілікті эксклюзив «Жылқы еті қосылған қарбыз» – 3990 теңге.

Пайдаланушылар рецепттермен бөліседі. Ең танымал нұсқасы капрезе салатын еске түсіреді: қарбыз тілімдерінің арасына фета немесе моцарелла, руккола, насыбайгүл жапырақтары, черри қызанақтары салынып, үстіне бальзамик соусы құйылады. Кейбіреулер тұздалған қияр, зәйтүн, халапеньо немесе прошутто қосады. Тәтті қарбыз бен тұзды ірімшіктің үйлесімі жерорта теңізі асханасында бұрыннан белгілі, сондықтан көпшілік дәмін үнатып жатыр.

Пікірлер екіге бөлінді: аспаздық «шедевр» дау тудырды. madebynastiaa атты ТикТок қолданушысы рецептімен бөлісті: «Қарбыз бен фетаны тегіс тікбұрыш етіп тураңыз, қызыл пиязды жарты сақина түрінде кесіңіз. Қарбыздың бір жартысына фета, қызыл пияз, руккола салып, бальзамик құйыңыз, аздап тұздап, екінші жартысымен жабыңыз». Кейбір пікір білдірушілер күмәнмен қарайды: «Қазір бұл танымал болды, сендер кез келген нәрсені жей бересіңдер ме?» және «Адамдардың талғамы-ай». Басқалары қолдайды: «Кейбір тағамдарды қарбызбен бірге жесең дәмді болады, мен де солай жеймін. Бұл да дәмді көрінеді».

Бұған дейін Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі химикаттар мен өсу стимуляторлары болуы мүмкін ерте қарбыздарды сатып алудан бас тартуға шақырған болатын. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, қазақстандық қарбыздарды шілденің соңынан қыркүйекке дейін сатып алған қауіпсіз.