Қарағанды облысында CVK қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушыға үкім шығарылды. Ол мүлкі тәркіленіп, екі жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) ресми Telegram-арнасының мәліметінше, жобаға қатысушыларға 120-дан 49 мың АҚШ долларына дейінгі құны бар виртуалды дүкендерді сатып алу үшін USDT криптовалютасымен ақша салу ұсынылған. Оның орнына оларға күнделікті табыс және жаңа салымшыларды тартқаны үшін қосымша бонустар уәде етілген.
«Бұл ретте виртуалды дүкендерде орналастырылған тауарлар шын мәнінде болмаған, ал табыс алу жаңа қатысушыларды тартуға және олардың ақша салуына байланысты болды. Салымшылардың қаражаты USDT криптовалютасымен OKX платформасы арқылы электрондық әмияндарға аударылды», — деді ведомствода.
ҚМА дерегінше, жедел шаралар арқылы 474 мың USDT сомасындағы криптоактивтердің қатырылуы қамтамасыз етілген, бұл 212 млн теңгеге баламалы. Сот үкімімен аталған цифрлық активтер мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін ҚМА CVK болжамды қаржы пирамидасының қызметін тоқтатқанын және Қазақстанның 14 өңірінде жүргізіліп жатқан тергеулер туралы мәлімдеген болатын.


