Қазақстанда Jetour, Changan, Chery және Haval сияқты қытайлық автомобиль брендтерін шығару жоспарлануда. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Мәжілістегі үкімет сағатында отандық автоөндірушілер 2027 жылға қарай ұсақ түйінді құрастыру (CKD) үлесін жалпы өндіріс көлемінің 50%-ына дейін жеткізуі керектігін мәлімдеді. Ағымдағы жылы бұл көрсеткіш шамамен 20%, 2025 жылы – 30%, ал 2026 жылы – 40% болуы тиіс.

Сонымен қатар, Қостанай мен Алматыдағы шағын өнеркәсіп аймақтарының алаңдарында автокомпонент базасын дамыту жобалары пысықталуда. Қазірдің өзінде орындықтар шығарылып, қытайлық автомобильдерді өндіретін мультибрендтік зауыт құрылысы жүзеге асырылуда. Бұдан бөлек, пластик бөлшектер мен көліктерге арналған мультимедиялық жүйелер шығаратын кәсіпорындарды іске қосу жоспарлануда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің басшысы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәнекерлеу және бояу технологиялары Қазақстанда шығарылатын әрбір автомобиль брендінде игерілетінін жеткізді. 2027 жылға қарай ұсақ түйінді құрастыру әдісімен жылына шамамен 200 мың машина шығару жоспарлануда.

Қанат Шарлапаевтің нақтылауынша, «СарыаркаАвтоПром» автомобиль желісі 2024 жылы-ақ Jetour брендімен толығады. Сондай-ақ чехиялық Skoda компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, Astana Motors компаниялар тобы өндірісті ұйымдастыру үшін танымал қытайлық Changan, Chery және Haval брендтерін тартып, оны 2025 жылы іске қосу жоспарлануда.