Испанияның Альмерия провинциясындағы орман өртінен қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Қайтыс болғандардың көбі — шетел азаматтары. Оның үстіне ондаған адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы infohub.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Орман өрті Испанияның оңтүстік-шығысында өткен аптада төтенше ыстық ауа райы кезінде басталған. Қазір өрттің шығу себептері тергелуде. Бір болжам бойынша, өрт электр кабелінің жолға құлауынан пайда болған.

Өрт шамамен 7 мың гектар жерді шарпыды. Билік бұл өртті елдегі соңғы жылдардағы ең қауіптілердің бірі деп атады.