34 жастағы ирландиялық Имонн Кивини жалаңаяқ ең ұзақ сапар жүріп, әлемдік рекорд орнатты: ол Стамбұлдан туған қаласы Ирландиядағы Клареморрисқа дейін 369 күнде жетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Түркиядан бастаған Кивини Болгария, Румыния, Венгрия, Австрия, Германия, Франция, Англия және Уэльс арқылы өтіп, содан кейін Ирландияға жетті. Бұл жолда оған асфальт, тасты жолдар, ыстық пен суықты бастан кешіруге тура келді.

Ұзақ жүрістерден табанының терісі қанға дейін тозды, оған шыны мен тікенектер кірді. Бірде тікенек шаншылып, инфекция пайда болып, бір аптаға тоқтауға мәжбүр болды. Мәреге жетер алдында жолда сүрініп, аяқ саусағын сындырып алды.

Сапарға шығар алдында Кивини жүктемеге арнайы дайындалып, мүмкіндігінше жиі жалаңаяқ жүріп, жүгірді. Сонымен қатар, ең қолайсыз сынақ жол емес, үнемі өзімен бірге алып жүруге тура келген зат толы рюкзак болды.

Жолда ол таңырқаған көзқарастарға үйренуге тура келді, кейде түсінбеушілікке тап болды. Мысалы, кейбір дүкендер мен мейрамханаларда аяқ киімсіз болғандықтан оған қызмет көрсеткісі келмеді. Алайда Кивинидің айтуынша, көбінесе адамдар оның сапарына қызығып, көмектесуге тырысқан.

Бұл рекорд ирландиялық үшін алғашқысы емес. 2016 жылы ол жалаңаяқ 2 080 км жүріп, бүкіл Ирландияны кесіп өткен. Ал 2023 жылы Кивини бес күн, бес сағат және 23 минутта елді бір дөңгелекті велосипедпен кесіп өтті.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle 76 жастағы аташка Парижге дейін шамамен 3 мың км жаяу жүріп өткенін жазған.