Билл және Мелинда Гейтс қоры дамушы елдер мен кедей аймақтарда жасанды интеллект технологияларына қолжетімділікті кеңейтуге 1,27 миллиард доллар бөлетінін хабарлады, деп жазады infohub.kz сайты.

The Straits Times басылымының жазуынша, озық әзірлемелерге шектеулі қолжетімділік бай және кедей мемлекеттер арасындағы цифрлық әрі экономикалық алшақтықты одан әрі ұлғайту қаупін төндіреді.

Бөлінген қаржы негізгі әлеуметтік салаларға жұмсалады. 400 миллион долларға жуығы денсаулық сақтау саласындағы жобаларға, соның ішінде медицина қызметкерлерін қолдауға және вакциналарды әзірлеуді жеделдетуге арналған жасанды интеллект жүйелеріне бағытталады. Дәл сонша қаражат мұғалімдерге арналған білім беру платформаларына бөлінеді. Тағы 100 миллион доллар шамасында аграрлық секторды қолдауға және ауыл шаруашылығын оңтайландыруға жұмсалады.

Тілдік кедергіге ерекше көңіл бөлінеді: 100 миллион доллар шамасындағы қаржы Африка мен басқа өңірлердің сирек кездесетін және жергілікті тілдері үшін оқыту деректер жинақтарын жасауға жұмсалады.

Осы бастамаларды жүзеге асыру үшін қор OpenAI, Anthropic, Google және Microsoft сияқты жетекші технологиялық компаниялармен ынтымақтасады.