Қытайлық Geely Galaxy компаниясы өзінің тұңғыш рамды внедорожнигі — Galaxy Zhanjian 700, яғни Cruiser 700 моделінің алдын ала сатылымын бастады. Сұраныс соншалықты жоғары болды: жаңа модель бірінші сағатта 43,9 мың алдын ала тапсырыс жинады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Модель алты комплектацияда ұсынылған, бағасы 200 мыңнан 390 мың юаньге дейін, бұл шамамен 13,3–26 млн теңге. 700 данамен шектелген Land Ark сериясы толығымен сатылып кетті.
Жаңалыққа қызығушылық алғашқы минуттардан байқалды: алғашқы 10 мың алдын ала тапсырысты внедорожник небәрі 9 минутта жинады, ал бір сағаттан кейін олардың саны 43,9 мыңға жетті.
Cruiser 700 Oriental Lion фирмалық дизайнында жасалған. Алдыңғы жағында үлкен күндізгі жүріс шамдары, Sky Eye жарықтандыру жүйесі және жарықтандырылатын логотип орнатылған.
Внедорожниктің габариттері 5085 × 1999 × 1895 мм, дөңгелек базасы — 2900 мм, жол асты саңылауы — 233 мм. Кіру бұрышы 30°, шығу бұрышы — 31°. Өтетін су кедергісінің тереңдігі 800 мм деп мәлімделген.
Көлік үш электромоторы және 120 кВт қуатты 1,5 л немесе 160 кВт қуатты 2,0 л бензин қозғалтқыштары бар Thor EM-T AI гибрид жүйесінде жасалған. Топ нұсқасының жалпы қуаты 830 кВт, яғни 1113 а.к., ал дөңгелектердегі айналу моменті — 13 920 Н·м.
100 км/сағ жылдамдыққа дейін 3,95 секундта жетеді. Сонымен қатар өндіруші 80 км/сағ жылдамдықта «бұғы сынағынан» өтетінін мәлімдейді.
Geely Galaxy Cruiser 700 CATL компаниясының LFP типті 47,14 кВт·сағ сыйымдылықтағы аккумуляторымен жабдықталған. Электр қуатымен CLTC циклі бойынша 305 км-ге дейін жүре алады, ал жалпы жүріс қоры 1200 км-ден асады. Жекелеген сынақтарда бұл көрсеткіш өндірушінің дерегінше 1700 км-ге жеткен.
Сондай-ақ 800 вольтты жылдам қуаттау және батарея разрядталған кезде 100 км-ге 5,95 л отын шығыны мәлімделген.
Салонда бес экранды мультимедиялық жүйе орнатылған. Сондай-ақ 18,5 л көлемді тоңазытқыш және алдыңғы жақта массаж жасайтын орындықтар бар.
Асфальттан тыс жүру үшін 17 режимді, соның ішінде Crab Walk және Waltz Turn бар цифрлық шасси қарастырылған. Соңғысы ең аз бұрылу радиусын 3,36 м-ге дейін азайтады.
Бөлек апаттық жүзу режимі мәлімделген: рұқсат етілген су кедергісінің тереңдігінен асқанда көлік су үстінде 40 минутқа дейін қозғала алады.
Бұған дейін Курсив Авто автоблогердің жаңа Geely Galaxy Battleship 700 гибридін суда қалай сынағанын жазған болатын.


