Freedom Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығының екі марапатына бірден ие болды. Биыл қаржы ұйымы «Жылдың антифрод-серіктесі» және «Антифрод-орталығын дамытуға қосқан үлесі» номинацияларында үздік деп танылды. Бұл марапаттар қаржылық алаяқтыққа қарсы тұру тетіктерін құру мен жетілдіруге белсене қатысқаны үшін берілді. Биыл барлығы төрт номинация жарияланған, соның екеуі Freedom-ге бұйырды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Осылайша, банктің қоржынында Антифрод-орталығынан алған үш марапат жиналды. Айта кетейік, былтыр Freedom «Жылдың қайтарымы» номинациясында үздік деп танылған болатын.
Марапаттар Central Asia Fintech Summit 2026 аясындағы салтанатты рәсімде табыс етілді. Оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Бинур Жаленов, Қазақстан Ұлттық төлем корпорациясы Басқармасының төрағасы Жанар Самаева және Verigram компаниясының негізін қалаушы Асанали Байғожин тапсырды.
«Бұл марапаттар біз үшін ерекше маңызды, өйткені олар клиенттерді қорғау жүйеміз жекелеген тұстарда емес, жүйелі түрде және түрлі бағытта жұмыс істейтінін көрсетеді. Бүгінде банкіміздің ішіндегі антифрод — мінез-құлықты талдау, ML-модельдер, жасанды интеллект, графтық талдау және жедел ден қою бар кешенді жүйе. Біз клиенттердің тән емес мінез-құлқын ерте анықтау технологияларын ерекше дамытып келеміз, ал графтық талдау өзара байланыстарды тауып, алаяқтықтың тұтас тізбектерін әшкерелеуге көмектеседі», — деді Freedom Банкі Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
Марапаттың маңызын Ұлттық төлем корпорациясы Басқармасының төрағасы Жанар Самаева да атап өтті:
«Freedom Банкі екінші жыл қатарынан біздің номинантымыз болып отыр. Түрлі көрсеткіштер бойынша тұрақты жоғары нәтиже көрсету банктің антифрод-инфрақұрылымының жетілгенін, командасының жеделдігін, процестерінің дәлдігін және енгізілген технологиялардың жоғары деңгейін растайды. Дәл осындай кешенді тәсіл клиенттердің ақшасына нақты қауіпсіздік қамтамасыз етеді».
ҚР ҰБ Антифрод-орталығы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алаяқтық транзакциялармен күресу үшін іске қосқан жүйе. Оның негізгі міндеті — күдікті транзакциялар туралы деректерді жинап, талдау арқылы алаяқтықты нақты уақыт режимінде анықтау, бұғаттау және алдын алу.
«Фридом Банк Казахстан» АҚ — Қазақстан аумағында Freedom сауда маркасымен жұмыс істейтін инновациялық банк. Банк жеке және заңды тұлғаларға цифрлық қаржы өнімдері мен қызметтерін ұсынады. Ипотекалық қарыз алуды, автокредит пен бизнеске арналған кредиттерді цифрландырды. Сондай-ақ Қазақстанда тұңғыш INVEST CARD инвестор картасын және тағы басқа бірқатар цифрлық карталарды шығарды. Қазақстанның 20 қаласында ұсынылған филиалдық желісі бар. Банк қаржылық қызмет, бөлшек брокерлік операциялар, бағалы қағаздар саудасы, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын Freedom Holding Corp. холдингінің құрамына кіреді. Бүгінде холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market және Қазақстан қор биржасында саудаланады.


