Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Даурен Ермеков Алматыда өткен Абсолюттік файт чемпионатының (ACA) 205 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды infohub.kz.
Ермеков негізгі кардта орта салмақта (84,4 келіге дейін) бразилиялық Рене Пессоаға қарсы шықты. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Екінші бес минуттықта қазақстандық партерде басымдықпен тұншықтыру әдісін сәтті қолданды.
38 жастағы Ермеков үшін бұл жеңіс ACA лигасындағы үшіншісі болды. Оның кәсіби мансабында қазір 18 жеңіс және жеті жеңіліс бар.
37 жастағы Пессоа қатарынан екінші жеңіліске ұшырады. Оның еншісінде 26 жеңіс пен 13 жеңіліс бар.


