Ағылшынның «Бернли» клубында жалда ойнап жүрген қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаев Британияға келген Қазақстан жастар құрамасының футболшыларымен кездесті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Қазақстан футбол федерациясы Instagram әлеуметтік желісінде ағылшындық «Бернли» клубымен бірлескен жазба жариялады. 18 жастағы шабуылшы лондондық «Челсиден» осы клубқа бір маусымға жалға берілген. Таратылған бейнежазбада Дастан Сатпаевтың сол күні Британияға келген жастар құрамасының ойыншыларымен жылы кездесуі түсірілген.
«Кім екенін таппаңдар. Дастан Сатпаев бізге қонаққа келіп, алдағы матчтарда сәттілік тіледі. Қазір Дастан жарақатынан кейін емделіп, алаңға оралу үшін оңалтудан өтіп жатыр. Саған тезірек сауығып, сапқа қайтуыңды тілейміз, Дастан! Біз сағындық!» — делінген жазбада.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның жастар құрамасы (U21) футболдан Британияға келіп, Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу турнирінің матчын өткізеді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының УЕФА Ұлттар лигасының жақын матчтарына арналған түпкілікті тізімі белгілі болғаны хабарланған еді. Ағылшындық «Бернли» шабуылшысы Дастан Сатпаев кеңейтілген құрамда болғанымен, түпкілікті тізімге енбеді. Қыркүйекте 18 жастағы футболшы жарақат алып, клубтық деңгейдегі соңғы бірнеше матчты өткізіп алған.
26 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Фарер аралдары құрамасымен кездеседі.


