Threads әлеуметтік желісінде жаңа тренд таралып келеді: қатысушылар ChatGPT арқылы нейрожелінің оларды қалай қабылдайтынын білуге тырысуда. Қазақстандықтар да өз нұсқаларын жариялап, жасанды интеллект оларды қаншалықты дәл сипаттай алғанын салыстыра бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Трендке қосылу үшін ChatGPT-ке бос контейнердің суретін жүктеп, диалогқа мына мәтінді жіберу қажет: «Мен туралы білетіндеріңнің барлығына сүйене отырып, осы контейнердің екі бөлігін де маған арналған әртүрлі заттармен толтыр».

Содан кейін нейрожелі пайдаланушыға және оның өмір салтына қатысы бар деп есептеген заттардан тұратын сурет жасайды. Нәтижесінде әркімнің өзіндік бірегей жинағы шығады.

Әлеуметтік желілерде жарияланған контейнерлерде ChatGPT түрлі-түрлі заттарды жинақтайды. Біреулерде смартфон, құлаққап, кітаптар мен косметика болса, енді біреулерде жұмысқа, саяхатқа және хоббиге қатысты заттар бар.

Пайдаланушылардың нәтижеге реакциясы да әртүрлі. Кейбіреулер өзін сол жинақтан таныса, тағы біреулер ChatGPT мүлде дөп баспады деп есептейді.

Бұған дейін Kursiv LifeStyle GPT-6 Astra тұсаукесері туралы жазған болатын. OpenAI-дің сендіруінше, модель 3D-модельдер, ойындар мен презентацияларды өз бетінше жасап, код жазып, браузермен жұмыс істей алған.