Қазақстанның ерлер арасындағы жеке сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Швейцариядағы Гштаад қаласында өткен кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТФ) 250 санатындағы топырақ кортындағы турнирді жеңіліспен бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
АТФ рейтингінде 11-орында тұрған спортшы бірінші нөмір ретінде жеребе тасталып, екінші айналымға автоматты түрде шықты. Бұл кезеңде ол әлемнің 90-ракеткасы, француз Кентен Алиске қарсы ойнады.
Матч 16 шілдеде басталғанымен, жаңбырға байланысты бірнеше рет үзілді. Ақырында қарсыластар келесі күні ойынды аяқтады.
Кездесу максималды үш сетке созылып, оның екеуі тай-брейкте аяқталды. Алис 6:7 (4:7), 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 2 сағат 22 минут болды. Осы уақыт ішінде Бублик 13 эйс жасап, алты қос қателік жіберіп, екі брейк-пойнттың екеуін де пайдалана алмады.
Қазақстандық Гштаадта чемпиондық атағын қорғай алмады. Ол 200 рейтингтік ұпайдан айырылды.
Ал Алис Швейцариядағы топырақ кортындағы жарыстың ширек финалында тағы бір қазақстандық Александр Шевченкомен кездеседі.


