Ұлыбританияда эстетикалық процедура жасатпақ болған пациенттер алдын ала дисморфофобияға тексеріледі. Бұл туралы ITV News жазды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Ұлыбританияның Денсаулық сақтау және күтім жасау ұлттық институты (Nice) медицина мамандарына арналған нұсқаулық жобасын жариялады. Онда косметикалық қызметке жүгінген адамдардан міндетті түрде сауалнама алу ұсынылады. Бастаманың мақсаты — дисморфофобия мен обсессивті-компульсивті бұзылыстың белгілерін уақытында анықтап, пациенттерге дер кезінде мамандандырылған көмек көрсету.
Сарапшылар дисморфофобияға күдік туындаған жағдайда клиникалар косметологиялық және хирургиялық араласулардан мүлдем бас тартуы керек екенін атап өтті. Мұндай жағдайда кез келген эстетикалық манипуляциялар пациенттің эмоционалдық стрессін күшейтіп, обсессивті жағдайын одан әрі ушықтыруы мүмкін. Ондай кезде адамды дереу бейінді мамандардың консультациясына жіберу қажет.
Ведомство сондай-ақ мұндай бұзылыстар адамдар қорқыныштары туралы айтудан ұялатындықтан жиі байқалмай қалатынын атап өтті. Жаңа нұсқаулық медицина қызметкерлерін бағыттаушы сұрақтарды белсенді қоюға шақырады. Бұл адамның жағдайын дағдарыс шегіне жеткізбей, мәселені ерте кезеңде тануға мүмкіндік береді.


