Қазақстан Ұлттық банкі бірыңғай QR коды арқылы төлем жасағанда кешбэк алу мүмкіндігін түсіндірді, деп хабарлайды infohub.kz.
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Б.Жаленовтың айтуынша, бірыңғай QR клиенттерге кешбэк алуға мүмкіндік береді, алайда әр банк лоялдық бағдарламаларының шарттарын өзі белгілейді.
«Әр банктің өз стратегиясы бар: біреулер жоғары кешбэк ұсынады, енді біреулері барлық операциялар үшін стандартты кешбэк белгілейді, ал кейбіреулері транзакция түрлеріне қарай саралайды. Әр банк өз стратегиясын таңдайды, сондықтан кешбэк және лоялдық бағдарламалар әртүрлі болады», — деп түсіндірді Жаленов.
Ол сондай-ақ бірнеше банк бірыңғай QR пайдаланушыларына арнайы ұсыныстар дайындап жатқанын айтты. Оның айтуынша, үш банк бірыңғай QR арқылы төлем кезінде арнайы лоялдық бағдарламаны іске асыратыны анық, тиісті хабарландырулар бүгін-ақ пайда болуы мүмкін.


