Танымал қазақстандық блогер және актер Бекзат Елеусізов, BekaEasy лақап атымен танымал, Алматыдағы бір мекемеде болған жанжалдан кейін көпшілікке бейнеүндеу жазып алды. Бұған дейін Қазнетте мас блогердің даяшымен дөрекі сөйлесіп, оны қорлаған видеосы тараған болатын, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Елеусізов өзінің мінез-құлқы жиіркенішті болғанын мойындап, полицияда болып, сот жазасын өтегенін айтты.
Бекзаттың айтуынша, осы күндері ол қоғамнан жасырынбай, керісінше шоктан арылуға, жанжалға қатысушыларды табуға және заңды рәсімдерден өтуге тырысқан.
«Мен АПБ-да болдым, былапыт сөйлегенім үшін соттан өттім және айыппұлды төледім. Осы күндері ойымды жинақтауға тырыстым. Бұл жай ғана дұрыс емес мінез емес — бұл жиіркенішті мінез, нағыз доңыздық. Мен мекеме қызметкеріне барып, онымен жеке сөйлестім және камерасыз кешірім сұрадым, бұдан контент жасамау үшін», — деді BekaEasy.
Блогер сондай-ақ видеоны түсірген қызға да жүгінді. Ол қыздың байланысын іздегенін айтып, жеке кешірім сұрау үшін онымен хабарласуға шақырды.
Өзінің бейнеүндеуінде Елеусізов эмоциялық күйзелістің себептерін түсіндіруге тырысты. Блогер соңғы 10 айда анасының қайтыс болуына байланысты ауыр психологиялық күйде жүргенін мойындады.
«Ол менің ең жақын адамом және тірегім еді. Мен әлі күнге дейін бұнымен келісе алмаймын. Түсінемін, бұл тек менің мәселем және оның кесірінен ешкім зардап шекпеуі керек, бірақ кейде осы жарақатты басу үшін жалғыз ішімді ішетінмін», — деп бөлісті ол.
Бекзат Елеусізов бұл үндеуді аудитория алдында өзін «ақтау» үшін жазып алмағанын атап өтті. Блогер болашақта қоғамға пайда келтіру және осындай оқиғаларды қайталамау үшін психологтарға барып, емделуге ниетті екенін мәлімдеді.


