ӨлеңдерБалалық өлді, білдің бе?
infohub.kz редакциясы · 2015 ж. 18 наурыз959 қаралым
Балалық өлді, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?
Кім біледі, сен кәпір,
Баяндыдан сөндің бе,
Баянсызға төндің бе?
Әлде, айналып, кім білер,
Боталы түйе секілді,
Қорадан шықпай өлдің бе?
#абай құнанбайұлы өлеңдері#абай құнанбайұлы#құнанбаев#абай өлеңдері#абай#балалық өлді#білдің бе?