Дүйсенбі, 14 қыркүйекте Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында ерлер баскетбол турнирі жалғасады. Кезекті матчты Қазақстан құрамасы өткізеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
С тобының үшінші турында Александр Лысяк жаттықтыратын ұлттық команда Бахрейнмен кездеседі. Ойын 14 қыркүйекте Астана уақытымен 06:00-де басталады.
Алғашқы екі турда қазақстандық баскетболшылар ірі есеппен жеңіліс тапты — Қытайдан (61:99) және Филиппиннен (78:109). Команда квартет кестесінің соңында тұр, алайда дүйсенбідегі жеңіс плей-оффқа шығу мүмкіндігін сақтап қалады.
Бахрейн құрамасы да Қытайға жол берді (59:105), бірақ Филиппинмен матчта басым түсті (89:85).
Ерлер баскетбол турниріне барлығы үш топқа бөлінген 12 команда қатысады. Ширек финалға әр квартеттен екі үздік құрама тікелей жолдама алады. Сонымен қатар, үшінші орын алғандар арасынан екі үздік команда плей-офф жолдамасын иеленеді.
Өткен Ханчжоу-2022 Азиадасында Қазақстанның ерлер баскетбол құрамасы топта үшінші орын алып, ширек финалға шығу үшін өткен стык матчтарда жеңіліс тапқан болатын.


