Грузиядағы Батум мұнай терминалы сегіз жылдық үзілістен кейін Қазақстанға авиациялық керосин тиеп-түсіруді қайта бастады, — деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның шетелдік активі саналатын бұл терминал Қазақстанға жөнелту үшін авиаотынды қайта қабылдай бастады. Шілде айында JET A1 маркалы 10 мың тонна көлеміндегі авиациялық керосиннің алғашқы партиясы тиелді. Еуропада өндірілген отын Қара теңіз арқылы теңіз жолымен жеткізіліп, қазір Қазақстанға тасымалдау үшін теміржол цистерналарын күтуде.

Компанияда тиеп-түсірудің қайта жандануы Транскаспий халықаралық көлік бағыты (Орта дәліз) бойынша елге авиаотын жеткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. «JET A1 авиациялық керосині — азаматтық авиацияның негізгі отын түрі. Ол әуе кемелерінің сенімді пайдаланылуын және авиатасымалдардың үздіксіз орындалуын қамтамасыз етеді», — деп мәлімдеді «ҚазТрансОйл» АҚ.

Компанияда авиаотынның тұрақты жеткізілуі Қазақстанның көлік саласын дамыту, ұтқырлықты арттыру және елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Батум мұнай терминалы мұнай мен мұнай өнімдерін тиеп-түсіруге маманданған. Ол арқылы авиациялық керосиннен басқа, шикі мұнай, мазут, дизель отыны, автомобиль бензині, сұйытылған көмірсутек газдары және басқа да мұнайлы жүктер өтеді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тиеп-түсіру көлемі шамамен 725 мың тоннаны құрады.