Қазгидромет 16 шілдедегі (бейсенбі) ауа райы болжамын қалалар бойынша ұсынды. Оңтүстікте күшті ыстық +44 градусқа дейін сақталса, солтүстік, батыс және шығыста кей жерлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды infohub.kz.
Астана – айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, екпінді жел. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан, түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 31-33 градус ыстық.
Алматы – айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз күшті ыстық 36-38 градус.
Шымкент – айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз күшті ыстық 41-43 градус.
Түркістан – айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 26-28 жылы, күндіз күшті ыстық 42-44 градус.
Қонаев – айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23 жылы, күндіз күшті ыстық 40-42 градус.
Талдықорған – айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 17-19 жылы, күндіз күшті ыстық 37-39 градус.
Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 26-28 жылы, күндіз күшті ыстық 42-44 градус.
Тараз – айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз күшті ыстық 39-41 градус.
Ақтау – айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 22-24 жылы, күндіз 30-32 градус ыстық.
Атырау – айнымалы бұлттылық, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 23-25 жылы, күндіз күшті ыстық 33-35 градус.
Орал – айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16 жылы, күндіз 28-30 градус ыстық.
Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 5-10, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 жылы, күндіз 29-31 градус ыстық.
Қарағанды – айнымалы бұлттылық, күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 20-22 жылы, күндіз 31-33 градус ыстық.
Жезқазған – айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 25-27 жылы, күндіз күшті ыстық 36-38 градус.
Қостанай – айнымалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18 жылы, күндіз 26-28 градус.
Көкшетау – айнымалы бұлттылық, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 26-28 градус ыстық.
Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, екпінді жел. Жел оңтүстік-батыстан түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18 жылы, күндіз 26-28 градус ыстық.
Павлодар – айнымалы бұлттылық, таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз 32-34 градус ыстық.
Семей – айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, 5-10, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21 жылы, күндіз күшті ыстық 36-38 градус.
Өскемен – айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 5-10, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18 жылы, күндіз күшті ыстық 36-38 градус.
Бұған дейін синоптиктер 16 шілдеге Қазақстан бойынша дауылды ескертулер жариялаған болатын, толығырақ осы материалда оқыңыз.


