Курманғазы ауданы Қаракөл ауылында ашық жерде үйілген шөп өртке оранды. Өрт 250 тоннаға жуық шөпті жойды, деп хабарлайды infohub.kz.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалған. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Өрт 440 шаршы метр аумақта сағат 4:32-де сөндірілді.


