Атырау – Астрахань трассасында үш жыл бұрын болған қайғылы оқиға үш адамның өмірін қиған жол апатының кінәлісіне нақты мерзім тағайындалды, деп хабарлайды infohub.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 2023 жылғы 21 тамызда болды. Жүргізуші жол қозғалысы ережесін бұзып, салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бірнеше адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.
Қылмыстық іс сотқа 2024 жылы жіберілді. Алайда бұрын шығарылған сот шешімдері қайта қаралып, күші жойылып, істің қаралуы ұзарып кетті.
2026 жылғы 23 ақпанда жаңа сот қарауының қорытындысы бойынша жүргізуші Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған көлік құралын басқару құқығынан жеті жылға айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
2026 жылғы 4 маусымда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Жыл басынан бері облыста ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегі бойынша 18 адам нақты бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.


