17 қыркүйек күні кешке Қазақстан астанасындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында оқ атылып, полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Астана қалалық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, 17 қыркүйек күні кешке полицияға тұрғын үйлердің бірінің ауласында оқ атылғаны туралы шақырту түскен.
«Оқиға орнына патрульдік полиция экипаждары жедел жетті. Алдын ала анықталғандай, тұрғын үй ауласында мас күйдегі жасөспірімдер тобы болып, олар өздерін агрессивті ұстаған. Үй тұрғындарының бірі құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу мақсатында газ тапаншасынан әуеге ескерту оғың атып жіберген», — деді ведомствода.
Барлық қатысушылар оқиға орнында ұсталып, полицияға жеткізілді. Құқық бұзушыларға заңнамаға сәйкес шара қолданылатын болады.
«Тұрғындардың жараланғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз. Азаматтарды ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз», — деді полицияда.
Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны Halyqstan Telegram-арнасы жариялады.


