Америка Құрама Штаттары Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Майамиде өтетін «Жиырмалар тобы» саммитіне қатысуға шақырды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Америка дипломатиясының басшысы айтуынша, Вашингтон пікірлері қайшы келетін көшбасшылармен де байланысты үзбеу керек деген ұстанымда. Рубио сондай-ақ АҚШ-тың Мәскеумен ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтті.

«Біз ол үшін тек президентпен ғана емес, әлемнің басқа да көшбасшыларымен сөйлесу мүмкіндігі деп есептейміз. Ол бұл шақыртуды қабылдайды деп үміттенеміз», — деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Кремльде шақыртуға жауап берді. Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путинді G20 саммитіне шақырғаны үшін Ресей алғыс білдіретінін және риза екенін мәлімдеді.

«Біз дипломатиялық арналар арқылы шешім қабылдап, оны пысықтаймыз», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ Ресей президентін «Жиырмалар тобы» саммитіне шақырса, Майамиге Владимир Путинмен кездесуге ұшатынын мәлімдеген еді. Кейінірек Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Украина президенті Владимир Зеленскиймен Майамиде кездесуі мүмкін емес екенін айтты.