2025 жылы Англияда ыстық толқын салдарынан болатын артық өлім саны 2024 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өскен. Ұлыбритания денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің мәліметінше, 2024 жылдың мамыр және маусым айларындағы ыстық толқындар кезінде 2 877 адам қаза тапқан. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңіндегі көрсеткіштен екі есе дерлік көп. Атап айтқанда, 24-27 мамыр аралығындағы ыстық толқынымен 753 өлім, ал 21-28 маусым аралығындағы ыстық толқынымен 2 124 өлім байланыстырылды. Бұл туралы infohub.kz хабарлады.
Баяндамада: «Бұл сандар әзірге аралық болғанымен, олар Ұлыбритания денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігінің 2022 жылы тіркеген жылдық рекордына жақындап қалды», – делінген. Сарапшылар парниктік газдар шығарындысын азайту және халықты ғаламдық жылынудан қорғау үшін шұғыл шара қабылдауға шақырды. Маусым айындағы ыстық толқынының ең жоғары кезеңінде Ұлыбритания денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі мен Метеорологиялық қызмет үш күн қатарынан қызыл дабыл жариялады. Бұл барлығына, әсіресе балалар мен қарттарға, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдарға қауіп төндіреді.


