Англия мен Аргентина құрамалары арасындағы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалының бірінші таймы ешкім гол соқпай аяқталды — 0:0, деп хабарлайды infohub.kz.

Командалар кездесуді сақтықпен бастап, қауіпті сәттерді аз ғана тудырды. Аргентина допты жиі бақылап, алдыңғы шепте Лионель Мессиді іздеді, алайда қазіргі әлем чемпиондарының бірнеше шабуылы ойыннан тыс қалу салдарынан тоқтатылды.

Англия қанаттардан шабуылдаса, Аргентина қақпашысы Эмилиано Мартинес шығып ойнауда сенімділік танытты.

Эллиот Андерсон мен Лисандро Мартинеске сары қағаз көрсетілді.

Бұл жұптың жеңімпазы финалда Испания құрамасымен кездеседі.