Алматыда 16 шілдеде жаңа температура рекорды тіркелді – ауа +38 градус Цельсийге дейін жылыды. Бұл осы күнге дейінгі ең жоғары көрсеткіш 1976 жылы тіркелген болса, қазіргі көрсеткіш одан асып түсті, деп хабарлайды infohub.kz.

Алматы және Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Кисебаевтың айтуынша, қаладағы ауа температурасы +38 градусқа жеткен. «16 шілдедегі алдыңғы максимум 1976 жылы тіркелген еді. Термометр бағандары сол кезде +36,1 градусқа көтерілген болатын, алайда бүгінгі көрсеткіш одан жоғары», – деді ол.

Осы күнге арналған жаңа рекордқа қарамастан, Алматыдағы шілде айының абсолютті температура максимумы әзірге өзгеріссіз қалды. Ол 1983 жылы тіркелген +43,4 градусты құрайды.