Алматының Алатау ауданында Үлкен Алматы каналының жағалауында салынатын «Ұлы дала» скверінің эскиздері ұсынылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Алатау ауданының әкімі Данияр Кирикбаев өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтқандай, Саялы шағын ауданында Ақ-Қайнар көшесінің қиылысында, Үлкен Алматы каналының бойында сенсорлық соқпағы бар «Ұлы дала» скверін абаттандыру жұмыстары қазірдің өзінде жүріп жатыр. Оның айтуынша, жобаның құны — 273,2 млн теңге.

«Жоба аясында декоративті жарығы бар жеңіл сәулет құрылымдарын, арт-нысандар мен жарық тіреуіштерін орнату көзделген. Сонымен қатар ағаш пен бұта отырғызу, автоматтандырылған суару жүйесін орнату және өзге де ілеспе жұмыстар жоспарланған», — деді әкім.

Сквердің жалпы ауданы — 1,2 га.