Алматыда Саина көшесінде Changan мен Hyundai Elantra автокөліктері соқтығысып, екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, Changan автокөлігінің жүргізушісі солтүстікке қарай келе жатып, жол жөндеу учаскесінің алдында жылдамдықты бәсеңдеткен. Артынан келе жатқан Hyundai Elantra қауіпсіз арақашықтықты сақтамай, соқтығысқан. Соққының күшінен Changan автокөлігі инерциямен бордюрге шығып кеткен.
Апат салдарынан Hyundai Elantra көлігіндегі екі жолаушыға медициналық көмек қажет болды. Оларға қажетті көмек көрсетілді, деп хабарлады ведомство.
Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Полиция жүргізушілерге қауіпсіз арақашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді, әсіресе жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде, себебі жол жағдайы бірнеше секунд ішінде өзгеруі мүмкін, деп атап өтті.


