BRT (Bus Rapid Transit) жобасын іске асыруға байланысты Желтоқсан көшесінде 18 шілдеден бастап №32, №40, №63, №119 және №205 маршруттардың қозғалыс схемалары жұмыстар аяқталғанша уақытша өзгереді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

№32
Оңтүстік бағытта: Мақатаев көшесі — Желтоқсан көшесі — Тимирязев көшесі — әрі қарай схема бойынша.
Қарсы бағытта: өзгеріссіз.

№40
Шығыс бағытта: Райымбек даңғылы — Сейфуллин даңғылы — Мақатаев көшесі — әрі қарай схема бойынша.
Қарсы бағытта: өзгеріссіз.

№63
Шығыс бағытта: Райымбек даңғылы — Сейфуллин даңғылы — Мақатаев көшесі — соңғы аялдама «Пушкин/Мақатаев» аялдамасына ауыстырылады — әрі қарай схема бойынша.
Қарсы бағытта: өзгеріссіз.

№119
Батыс бағытта: Райымбек даңғылы — Назарбаев даңғылы мен Райымбек даңғылы қиылысында бұрылыс — Райымбек даңғылы — Қонаев көшесі — Мақатаев көшесі — Желтоқсан көшесі — Төле би көшесі — әрі қарай схема бойынша.
Қарсы бағытта: өзгеріссіз.

№205
Оңтүстік бағытта: Төле би көшесі — Желтоқсан көшесі — Тимирязев көшесі — әрі қарай схема бойынша.
Қарсы бағытта: өзгеріссіз.