17 шілдеде түнде Алматыда апат болды: BMW көлігі жергілікті мұражайдың жанындағы үлкен арт-инсталляцияға соғылды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, бірақ олар ауруханаға жатқызуды қажет етпеді. Полиция оқиғаның алдын ала себебін атады, деп хабарлайды infohub.kz.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 17 шілдеде сағат 01:00 шамасында қаланың Медеу ауданында тіркелген. «BMW көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Назарбаев даңғылына жетпей, басқаруды жоғалтып, мұражай алдындағы алаңға шығып, арт-инсталляцияны қағып кетті», — деп қосты полиция.

Апат салдарынан екі адамға медициналық көмек қажет болды, алайда олар ауруханаға жатқызылған жоқ. Қазір полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр. «Алдын ала болжамдардың бірі бойынша, жол-көлік оқиғасының себебі BMW жүргізушісінің агрессивті жүріс-тұрысы болуы мүмкін. Бейнекамералар оның қауіпті маневрлерін, қатардан қатарға ауысуларын тіркеген», — деп нақтылады Алматы ПД.