15 шілдеден бастап Алматыда 15 автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Бұл туралы қалалық көлік холдингі хабарлады, деп жазады infohub.kz.
Жөндеу жұмыстары
211-бағыт
Алма-Арасан шағын ауданындағы жол жөндеу және «Алма-Арасан кентінің өткізу пунктіне» дейінгі учаскенің уақытша жабылуына байланысты 15 шілдеден бастап жұмыс аяқталғанша 211-бағыттың соңғы аялдамасы «Сұраныс бойынша» аялдамасына уақытша ауыстырылады.
Сонымен қатар, «Алматыдағы батыс канализация коллекторын салу» жобасы бойынша Бекешева көшесінде (Әбділдин көшесінен Абай даңғылына дейін) құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты 15 шілдеден бастап №14, №22, №26 және №44 автобус бағыттарының қозғалыс схемалары уақытша өзгереді.
14-бағыт
Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – Мамыр көшесі – Медеубеков көшесі – Төлебеков көшесі – Жандосов көшесі – Бекешева көшесі – Әбділдин көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Әбділдин көшесі – Бекешева көшесі – Жандосов көшесі – Төлебеков көшесі – Медеубеков көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
22-бағыт
Оңтүстік бағытта: Медеубеков көшесі – Төлебеков көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Жандосов көшесі – Төлебеков көшесі – Медеубеков көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
26-бағыт
Оңтүстік бағытта: Алатау даңғылы – Абай даңғылы – Мамыр көшесі – Медеубеков көшесі – Төлебеков көшесі – Жандосов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Жандосов көшесі – Төлебеков көшесі – Медеубеков көшесі – Мамыр көшесі – Абай даңғылы – Алатау даңғылы – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
44-бағыт
Оңтүстік бағытта: Медеубеков көшесі – Төлебеков көшесі – Жандосов көшесі – Бекешева көшесі – Әбділдин көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Әбділдин көшесі – Бекешева көшесі – Жандосов көшесі – Төлебеков көшесі – Медеубеков көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
Төле би көшесінің ұзартылуына байланысты өзгерістер
Төле би көшесін ұзарту жобасы аясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарына және Әшімов көшесінен Алатау даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыстың уақытша шектелуіне байланысты 15 шілдеден бастап №15, №27, №76 және №118 автобус бағыттарының схемалары өзгереді.
15-бағыт
Солтүстік бағытта: Әшімов көшесі – Райымбек даңғылы (бұрылыс) – Райымбек даңғылы – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Райымбек даңғылы – Әшімов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
27-бағыт
Солтүстік бағытта: Алатау даңғылы – Сәбденов көшесі – Әшімов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Әшімов көшесі – Сәбденов көшесі – Алатау даңғылы (бұрылыс) – Алатау даңғылы – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
76-бағыт
Шығыс бағытта: Алтын Орда көшесі – Алатау даңғылы – Сәбденов көшесі – Әшімов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Әшімов көшесі – Сәбденов көшесі – Алатау даңғылы (бұрылыс) – Алатау даңғылы – Алтын Орда көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
118-бағыт
Батыс бағытта: Әшімов көшесі – Сәбденов көшесі – Алатау даңғылы (бұрылыс) – Алатау даңғылы – Абай даңғылы – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Алатау даңғылы – Сәбденов көшесі – Әшімов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
Ақан Сері көшесінің жөнделуіне байланысты өзгерістер
Ақан Сері көшесінде (Сейфуллин даңғылынан Шолохов көшесіне дейін) жол жамылғысын орташа жөндеу және 15 шілдеден бастап жұмыс аяқталғанша қозғалыстың толық жабылуына байланысты №30, №73, №96, №102, №135 және №138 автобус бағыттарының схемалары уақытша өзгереді.
30-бағыт
Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – «Алматы-1 теміржол вокзалы» соңғы аялдамасына дейін. Кері бағытта: «Алматы-1 теміржол вокзалы» – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
73-бағыт
Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – «Алматы-1 теміржол вокзалы» соңғы аялдамасына дейін. Кері бағытта: «Алматы-1 теміржол вокзалы» – Сейфуллин даңғылы – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
96-бағыт
Солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – Шолохов көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта: Шолохов көшесі – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
102-бағыт
Солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – «Алматы-1 теміржол вокзалы» соңғы аялдамасына дейін. Кері бағытта: «Алматы-1 теміржол вокзалы» – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
135-бағыт
Солтүстік бағытта: Жұмабаев көшесі – Сейфуллин даңғылы – «Алматы-1 теміржол вокзалы» соңғы аялдамасына дейін. Кері бағытта: «Алматы-1 теміржол вокзалы» – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша.
138-бағыт
Солтүстік бағытта: Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – әрі қарай бұрынғы схема бойынша. Кері бағытта өзгеріссіз.


