Қазгидромет синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласының тұрғындарын алдағы күндері ауа температурасы +48 градусқа дейін көтерілетін қатты ыстықтан ескертті. 16–18 шілдеге арналған нақты болжамды сайт infohub.kz ұсынады.
Астанадағы ауа райы болжамы
16 шілдеде айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай мен дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан түнде 5–10, күндіз 9–14, екпіні 15–20 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус.
17 шілдеде айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +17…+19, күндіз +31…+33 градус.
18 шілдеде айнымалы бұлттылық, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +18…+20, күндіз қатты ыстық +35…+37 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
16 шілдеде айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз қатты ыстық +36…+38 градус.
17 шілдеде айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +22…+24, күндіз өте қатты ыстық +38…+40 градус.
18 шілдеде айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +24…+26, күндіз өте қатты ыстық +40…+42 градус.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
16 шілдеде айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23, күндіз қатты ыстық +41…+43 градус.
17 шілдеде айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +23…+25, күндіз қатты ыстық +44…+46 градус.
18 шілдеде айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +25…+27, күндіз қатты ыстық +46…+48 градус.
Қазақстанда аномалды ыстық
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында найзағайлы жаңбыр жауатынын хабарлады. 16–17 шілдеде кей жерлерде қатты жауын-шашын, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Сонымен қатар, орталық және шығыс өңірлерде ыстық +41 градусқа дейін сақталса, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыстың кей жерлерінде ауа +41…+46 градусқа дейін қызады.


