Мишель Еркін 2023 жылдан бері АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы қызметін атқарып келген еді. Енді бұл лауазымға Питер Кауфман тағайындалды, деп хабарлайды infohub.kz.
Бас консулдық Питер Кауфманның АҚШ-тың Алматыдағы жаңа бас консулы болып тағайындалғанын хабарлады. «Жаңа бас консул мырза Питер Кауфманды Қазақстанға келгенімен құттықтаймыз!» — делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл лауазымда Мишель Еркін болған. Ол Қазақстандағы жұмысына 2023 жылдың тамызында кіріскен. Ол алматылық Жомарт есімді азаматқа тұрмысқа шыққан, екеуі төрт бала тәрбиелеп отыр. Мишель Еркін орыс және испан тілдерін жетік меңгерген, сондай-ақ қазақ тілін үйреніп жүр.
Консулдықтың парақшасында Мишель Еркіннің қазақ тілінде қазақстандықтарға бірлескен еңбегі үшін алғыс білдірген видеосы жарық көрді.
2025 жылдың басында мәжіліс депутаттары АҚШ-қа Алматыда консулдық ғимарат салу үшін жер телімін жалға беру туралы заң жобасын қарауға қабылдағаны хабарланған болатын.


