Ақмола облысындағы Астана – Петропавл тас жолында автокөлік өртеніп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл оқиға Жаңаталап ауылының маңында болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар келген кезде автокөлік толығымен жалынға оранған екен.

Бір адам тірі қалды – ол аудандық ауруханаға термиялық күйіктермен жатқызылды. Оған жедел жәрдем келгенге дейін алғашқы көмек көрсетілген.

Қазір қаза тапқандардың жеке басы мен апаттың мән-жайы анықталып жатыр.