4,3 млн теңге – дәл осы сома «Үздік педагог» атағын алған ұстазға беріледі. Сыйақы мөлшері мен төлем тәртібін үкімет белгілейді, ал сыйақының өзі 1000 еселенген АЕК-ті құрайды. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нақтылауынша, 2023 жылдан бастап халықаралық олимпиадалар, байқаулар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтарға үш айлық жалақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.

Ведомство мәліметінше, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына 97 педагог ие болған, ал «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары 800-ден астам мұғалім болды. «Білім саласындағы өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында 2023-2026 жылдар аралығында кадрлық резервке 983 педагог енгізілді. Сонымен қатар, Қазақстанда бес педагогқа білім саласындағы ең жоғары мемлекеттік атақ – «Еңбек Ері» берілді.

Бұған дейін Қазақстанның үздік мұғалімі төрт миллион теңгеге жуық сыйақы алатыны хабарланған болатын.