19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, Халық Қаһарманы. 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы Ақмола ауданында дүниеге келген. 1942 ж. әскерге алынып, 1944 ж. Фрунзедегі (Бішкек) жаяу әскер училищесін бітірген. 1944 ж. қазан айынан бастап I Белорусь майданындағы 150 - Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыстарға қатынасты. Лейтенант Қошқарбаев Берлин операциясы кезінде асқан ерлік көрсетті. 30 - сәуірде ол жауынгер Григорий Булатов екеуі Кеңес әскерлері арасынан Рейхстагқа алдымен жетіп, жеңіс туын тікті. Соғыстан кейінгі жылдары Эльба бойындағы кеңестік оккупациялық әскер бөлімінде қызмет атқарды.
Қызыл Ту, 1 - дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
1988 ж. 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды. Қошқарбаев Рақымжан... Көкірегімізде ерекше көңіл мен мақтаныш сезімін ұялататын осы бір есімді білмейтін қазақ, осы батырдың ерлігін қайталауды армандамайтын жас ұрпақ жоқ болар, сірә? Өйткені, Рақымжан ерлігі – еріксіз бас идіретін ерен ерлік.
19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
19 қазан - Рақымжан Қошқарбаев 95 жаста
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1116 қаралым
#рақымжан қошқарбаев#рақымжан қошқарбаев ерлігі#ұлы отан соғысының батыры#берлиндегі рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы
Ұсынылады
Париж астынан ежелгі қабырға табылды
Париж астынан галло-рим дәуірінен жеткен ежелгі қабырға табылды. Франция мәдениет министрлігі оны «зор жетістік» деп бағалады.
Ораз Ғалымбек·42 мин бұрын
Тарихшы көшпенділердің біртұтас тәңіршілдік сеніміне күмән келтірді
Қазақстандық ғалым Жақсылық Сәбитов түркі көшпенділерінің біртұтас тәңіршілдік сенімі тарихи деректермен дәйектелмегенін мәлімдеді.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 18 қыркүйек
Римдегі Траян моншаларынан бірегей фреска мен мозаика табылды
Римдегі Траян моншаларынан табылған ежелгі теңіз қаласы бейнеленген фреска мен мозаика алғаш рет көпшілікке көрсетілді. Бұл — Ежелгі Римнің ең ірі кешені.
Мұқаш Жадайхан·2026 ж. 8 қыркүйек
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

