«Қазгидромет» болжамына сәйкес, 18 шілде сенбіде Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды infohub.kz.

Елдің батысында, шығысында және солтүстігінде кей жерлерде найзағайлы қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Оңтүстікте 48 °C-қа дейін қатты ыстық сақталып, төтенше өрт қаупі бар. Кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды.

Астанада ауа райы айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +17–19 °C, күндіз +34–36 °C болады. Алматыда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +24–26 °C, күндіз +40–42 °C. Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +25–27 °C, күндіз +45–47 °C.